Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Берлинде лаңкестік әрекет жасамақ болған сириялық азамат тұтқындалды

Германия полициясы ел астанасы Берлинде лаңкестік әрекет жасамақ болды деген күдікпен 17 жастағы сириялық азаматты тұтқындады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Арнаның хабарлауынша, бұл туралы Бранденбург аймағының Ішкі істер министрі Хайнц Шрётер мәлімдеді. Бозбаланы ұстау операциясы Уккер-марк округінде жүргізілген. Тергеушілер күдіктіні теракт жасап, өзін-өзі жарып жібермекші болды деп айыптап отыр. Бірақ баланың мұндай әрекетті қашан және қалай жасамақ болғаны белгісіз.

Айта кетейік, өткен жылы желтоқсан айында Берлинде ірі лаңкестік оқиға болған еді. Онда 24 жастағы жас жігіт жүк көлігімен базардағы жұртты таптап өтіп, 11 адам көз жұмған. Полиция 5 күн өткен соң лаңкесті Милан қаласының маңынан тауып, атып өлтіреді.

«Өткен түні полицияға 17 жастағы баланың шешесіне WhatsApp арқылы «жиһадқа» қосылатынын айтып, қоштасқаны жөнінде хабар түседі. Арнайы топ бірден операция жүргізіп, бозбаланы ұстады. Алайда әзірге оның жарылыс жоспарлағанын көрсететін айғақтар табылған жоқ», – дейді Потсдам қаласы полициясының өкілі Торстен Хербст.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button