Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды
ашық дереккөзі
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бүгін сонау 1992 жылы Алматы қаласындағы Наурызбай және Қарасай батыр көшелеріндегі саябаққа белгі ретінде қойылған қара тастың орнына еңселі ескерткіш бой көтерді. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады. Ескерткіштің ресми ашылуында сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза: " Ата-бабамыздың аңсаған арманына қол жеткіздік. Болашағы айқын, экономикасы әлеуетті, төрткүл дүниемен терезесі теңесетін мемлекет құрдық. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Елбасының бастамасымен тарихтың ақтаңдақ беттерін жаңаша зерделеп, келер ұрпаққа тағылым еттік. Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде ресми бекітілді. Ер есімі – ел есінде. Ұлт мүддесі жолында ерлік көрсеткен боздақтардың есімдері елді мекендер мен көшелерге беріліп, ұлықталып келеді. Алматы облысы Жаңалық ауылында белгі орнатылып, Астана қаласында ашаршылық құрбандарына ескерткіш монументі мен «Алжир» музейі ашылды. Ал мына ескерткіш өткендер рухына тағзым, болашақ үшін тағлым" деді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин: – Біздің халқымыздың тарихы ұлы, бай тарих. Қайғысы мен қасіреті жеткілікті тарих. Сол тарихымыздың ХХ ғасырда теперіш көріп, ақиқаты айтлмай келген қасіретті беттерінің бірі – ашаршылық құрбандары. Еліміздің жыл данасына қайғысы мен қасіреті аралас келген кезең. Сол кезеңге бүгінгі жас ұрпақ, тәуелсіз қазақ елінің  жаңа буыны тарих алдында тағзым етіп, құрбан болған боздақтар мен аналарға ескерткіш орнаттық. Біз мұны ұзақ күттік. Осындай ескерткіш Алматының төрінде орналытса, бұл бүгінгі ұрпақ үшін үлкен белгі болар еді деп армандадық. Біз қазақтың басынан өткерген қасіреті туралы Т.Рысқұловтың «Сталинге хаты» және ұлт зиялылары бірлесіп жазған «Бесеудің хаты» арқылы білдік, оқыдық.  Көз жасын сүртіп отырып, болашаққа сеніммен қарайтын ескерткіш орнады. Мұндай нәубет енді қайталанбасын деп тілейік.  width=   Жұмабек Ашуұлы, Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарының қоғамдық ұйымының төрағасы: -  Осыдан 25 жыл бұрын осы жерге қара тас орнатылды. Содан бері талай әкім ауысты. Бірақ уәдеден басқа ештеңе орындалмап еді. Былтыр дәл осы жерде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы осы жерде келесі жылы 31 мамырда ескерткіш қойылады деп халықтың алдында уәде берді. Уәдесінде тұрды. Міне, сол күнге де жеттік. Ашаршылық құрбандарының әруағы разы болсын дейік. Бауыржан Байбек мырзаға қауымдастықтың атынан, миллиондаған ашаршылық құрбандарының атынан мың да бір рақметімді айтамын. Осы жерге жиналған халық «бұл ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш, саяси репрессия құрбандарының ескерткіші қайда?» дейді. Ол саяси құрбандарына арналған ескерткіш – мына тұрған сұр үй НКВД(КГБ) үйі. Сол НКВБ үйі қайтадан мемлекет қарауына мұражай ретінде өтіп, мемлекет басшысының 2000 жылы бекіткен жобасы бойынша Чайковский, Наурызбай көшелерінің арасындағы аллеяның екі бетінде атылған адамдардың есімі мәрмәр тасқа ойып жазылуы керек болатын. Осы тұрған саябақ Қазақстандағы қуғын-сүргін саяси құрбандары мұражай кешені ретінде бекітулі керек болатын. Бұл іске асады деп ойлаймын» деді. Валерий Федоров, ақын, жазушы, «Ұлы жұттың жазбалары» кітабының авторы: – Бұл ұлы жұт еді. Бұл сол кездегі биліктің халықтарға жасаған қиянаты. 30 жыл бұрын бұл жұрт туралы әлем жұрты көп біле бермейтін. Бүгінде алапат аштық жайында шетелдік ғалымдар да ден қойып, зерттеп жатыр. 1931-33 жылдардағы ашаршылықта арпалысып өткен ата-бабамыздың басынан өткізген нәубеті. Осындай ескерткіштің алдында біз ешкім емеспіз.