Жаңалықтар

Үкіметке республикалық бюджет комиссиясын құру құзіреттілігі берілуі мүмкін

ашық дереккөзі

Үкіметке республикалық бюджет комиссиясын құру құзіреттілігі берілуі мүмкін

Ел Үкіметіне республикалық бюджет комиссиясын құру және оның ережесін бекіту туралы құзыреттілік берілуі мүмкін, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, аталған өзгерістер конституциялық реформа аясында енгізілуі ықтимал. Мәселен, Үкімет республикалық бюджет туралы маңызды құзыреттіліктерді иеленіп, оның атқарылуына толыққанды жауапты болуды жоспарлап отыр. Оған қоса мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау және мемлекеттік бағдарламаларды бекіту сынды межелі міндеттердi министрлер кабинеті өз мойнына алмақ. Отырыс барысында депутаттар аталған өзгерістерге бірауыздан қолдау білдірді. Бұдан әрі Мәжіліс қарауына «Прокуратура» туралы заңның жаңа жобасы ұсынылды. Бас прокурор Жақып Асанов қоғамды алаңдатқан түйткілді мәселені көтерді. Бас прокурордың сөзінше, өткен жылы қадағалау органына 350 мың арыз-шағым түскен. Басым бөлігі қылмыстық процестерге байланысты. Яғни, жеке басының құқығына нұқсан келтіріліп, қадағалау органының көмегіне жүгінген қазақстандықтар қатары көбейген. Осы мәселенің түпкілікті шешімін табу үшін прокурорлар азаматтарды қабылдау қызметін жақсарта түспек. Жақып Асанов енді қадағалау органына қарасты ғимараттардың бірінші қабатына еркін кіріп-шығу мүмкіндігін ұсынуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, заң жобасы аясында прокуратура бизнесті және мемлекеттік мекемелерді бақылау мерзімін де қысқартады. Бұл құжаттың өзге де ерекшеліктері қызу талқыланып жатыр.