"Алла" деген жазуы бар жұмыртқа табылды

"Алла" деген жазуы бар жұмыртқа табылды

"Алла" деген жазуы бар жұмыртқа табылды
ашық дереккөзі

Татарстанның Дрожжановск ауданының бірінде араб тілінде "Алла" деген жазуы бар жұмыртқа табылды. Жұмыртқадан араб тіліндегі әріптерді көрген тауықтың иесі оны бірден мешітке апарған. Бұл туралы жергілікті "Родной край" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады. 

Имамдар жұмыртқада "Алла" сөзі жазылғанын растады. Таңғажайып жұмыртқа енді мешітте сақталатын болады, ал қалаған адам оны кез-келген уақытта көре алады.

"Сөз жоқ, бұл өте жақсы белгі, осындай жазуларды көргенде Жаратушы Алланың әрдайым бізбен екеніне көзің жетеді. Осыған ұқсас, арқасында араб жазуы бар қозы туылды деген сынды оқиғаларды кейінгі кезде теледидар мен интернеттен жиі байқауға болады. Ал енді мұндай керемет оқиға біздің Дрожжаномда орын алып отыр. Қасиетті Рамазан айында бұл сөзсіз жақсы белгі", - дейді аудан мухтасибі Рустам хазрат Ракипов.