Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы берілді
Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы берілді
Петропавлда көктемгі тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы беріліп жатыр. Бүгінге дейін 120 отбасы 41 млн теңге алған. Өтемақы әр отбасының шығынына байланысты төленді деп хабарлайды Хабар 24.
Қалған тұрғындарға ақша осы аптада аударылады. Қаржы қала қазынасынан қарастырылған. Комиссия мүшелері мен бағалаушылар 256 үйді аралап, шығын көлемін есептеп шықты.
Естеріңізде болса, облыс орталығында Есіл өзені арнасынан асып, Былғары зауыт, Заречный кенттерін су басқан болатын. Төтенше жағдай әлі де сақталып отыр. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сәния Смаилова, қала әкімінің орынбасары:
– Бүгінгі таңда апаттық үй жоқ. Жұмыс жалғасып жатыр. Егер тұруға жарамсыз деп танылса, жеке-жеке қарастырамыз. Бағалау қорытындысымен тұрғындар танысып, келісімін берсе, ақшасын алады.