Жаңалықтар

Алматылықтар баланы мектепке электронды түрде тіркейді

ашық дереккөзі

Алматылықтар баланы мектепке электронды түрде тіркейді

Ата-аналар енді балаларына мектеп іздеп әуре болмайды. 1 маусымнан бастап бүлдіршіндерді 1-сыныпқа тіркеу электронды түрде жүргізіледі. Білім беру мекемелеріндегі бос орындар туралы мәлімет MektepAlmaty.kz сайтында жарияланып отырады. Сол бойынша тұрғындар мектепті өздері таңдай алады. Ал қажетті құжаттардың барлығы электронды түрде қабылданады. Баланы екі жағдайда мектеп қабылдамауы мүмкін. Яғни 6 жасқа толмаса немесе бос орын қалмаған жағдайда ғана. Сайттың жұмысын білім басқармасы бақылайтын болады. Андрей Дуплик, қалалық білім басқармасы жаңа технологиялар орталығының директоры: – Біз MektepAlmaty.kz сайтын ата-аналардың өтініші бойынша жасадық. Ең бастысы, бірінші сыныпқа қабылданатын балалар тізімі ашық жарияланады. Ата-аналар болса, үйден шықпай-ақ өтініш бере алады. Бұл, біріншіден, ыңғайлы, екіншіден, жемқорлықтың жолын кеседі.