Жаңалықтар

Ең төменгі күнкөріс - 23 мың теңге

ашық дереккөзі

Ең төменгі күнкөріс - 23 мың теңге

2017 жылдың мамыр айында Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 23,2 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. Бір айда көрсеткіш 1,9%-ға, ал жыл басынан бері 7,9%-ға ұлғайған. Ең төменгі күнкөріс деңгейі халыққа ең қажетті тауарлар бағасымен есептелетінін ескерсек, мамыр айында азық-түлікке 13,9 мың теңге, ал азық-түлік емес тауарларға 9,3 мың теңге қажет болған. Статистика комитетінің мәліметінше, Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 27,5 мың теңге, Астанада 27,2 мың теңге, Алматыда 25,5 мың теңгені құрады. Ал Жамбыл облысы мен Ақмаола облысындағы күнкөріс деңгейі басқа өңірлермен салыстырғанда біраз төмен. Жамбыл облысында көрсеткіш 20,7 мың теңгеге, Ақмола облысында 20,8 мың теңгеге тең. Бұған дейін арнайы бекітілген азық-түлік себетінің минималды бағасы 6%-ға қымбаттағаны туралы айтылған. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банктің бағаға қатысты жүргізген сауалнамасына қатысқан респонденттер алдағы уақытта баға тағы да өседі деп пікір білдірген. Ал егер нарықтағы азық-түлік бағасының бір айдың өзінде сан құбылатынын ескерсек, 23,2 мың теңгенің жеткіліксіз екенін аңғаруға болады.