Жаңалықтар

Семейде Әлихан Бөкейхановқа қоладан үлкен ескерткіш қойылады

ашық дереккөзі

Семейде Әлихан Бөкейхановқа қоладан үлкен ескерткіш қойылады

Биыл Семейде Әлихан Бөкейхановқа қоладан үлкен ескерткіш қойылады. Бұл туралы  Sarap Time сарапшылар клубының «Тарихи сана және қоғамның рухани қауіпсіздігі» тақырыбындағы отырысында «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы мәлім етті. «Алаштың 100 жылдығына орай Үкімет өз іс-шараларын дайындап жатқан шығар. Бірақ әрбір ғалым, әрбір өңір бұл іске өз үлесін қосуда. Биыл Құдай қаласа Семейде, қыркүйек айында Әлихан Бөкейхановқа Қазақстандағы алғашқы болып қоладан үлкен ескерткіш  қойылғалы жатыр. Әрбір аймақта конференциялар өтуде», - деп атап өтті ол. Сонымен қатар Алаш әскеріне қатысты деректерді 4 жыл бойы Ресей архивтерінен  іздеп тауып, жарыққа шығарып жатқандықтарына тоқталды. «Халықтың көбі біле бермейді. Алаш әскері алғашқы күнінен бастап ақтардың қатарында болды. Батыста да, Қостанай, Торғай өңірінде де және Шығыс  Қазақстанда да ақтардың құрамында еді. Қостанай өңірінде екі полк, Торғай полкін қосқанда үш полк, Шығыс Қазақстан мен Жетісуде 6 полк құрылған. Олар казак үлгісінде 400-500 адамдық болған. Жалпы Алашорда 2,5 мыңдай әскер жасақтаған», - деді Берік Әбдіғалиұлы.