Мәскеуде болған дауыл Қазақстанға да келе ме?

Мәскеуде болған дауыл Қазақстанға да келе ме?

Мәскеуде болған дауыл Қазақстанға да келе ме?
ашық дереккөзі
ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Мәскеуге дауыл әкелген ауа ағындары Қазақстан аумағын да шарпып өтуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Циклонның біздің жерімізге келу-келмеуі туралы сауалға келетін болсақ, Мәскеуге дейінгі ара қашықтық соншалықты аз емес. Синоптиктер Мәскеуге кенеттен келген аталған ағынның қозғалысын бақылап отыр. Біз Ақмола облысында жел күшейіп, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында температура бағамы төмендейді деген ескерту алдық. Бірақ Мәскеуді әуреге салған ағындар біздің Батыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарының бір бөлігін жанап өтуі ықтимал. Ол бізге жеткенше күшін жоғалтып, соншалықты үлкен салдарларға алып келмейді деп үміттенеміз. Біз өз тарапымыздан құтқару жасақтарының дайындықтарын пысықтап қойдық», - деді ол Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, ТАСС-тың хабарлауынша, Мәскеуде орын алған дауылдан 137 адам зардап шекті.