ЭКСПО билетімен қандай концерттерге тегін кіре аласыз?

ЭКСПО билетімен қандай концерттерге тегін кіре аласыз?

ЭКСПО билетімен қандай концерттерге тегін кіре аласыз?
ашық дереккөзі
Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне билет алғанда нақты бір концертке ыңғайлап алған жөн. Себебі дәл осы билетпен сан алуан мәдени-бұқаралық шараларға да тегін қатысуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Концерттердің бір бөлігі тегін болады. Ондай шаралар ашық алаңдарда өтеді. Мәселен, ЭКСПО көрмесінің амфитеатрына еш кедергісіз кіруге мүмкіндік бар. Қолыңызда көрмеге кіретін билет болса болды. Ал жабық алаңдарда өтетін концерттерге бөлек билет алу қажет. Алайда ондай билеттің бағасы қымбат болмайды. Жабық концерттерге әрбір адам бара алатындай баға қойылады", - дейді "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы іс-шараларды ұйымдастыру және контент департаментінің директоры Марат Омаров. Оның айтуынша, көрме аймағында амфитеатр (10 мың орындық), камералық зал ( (мың орындық) және конгресс орталығы (2,1 мың орындық) бар. Амфитеатрда "Ұлы Дала симфониясы", MTV концерті сияқты үлкен шаралар ұйымдастырылады. Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Марат Омаров көрме аясында өтетін концерттердің тізімін жариялаған болатын. Осы шарадан кейін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы журналистерге әлемге танымал Дю Солей циркінің дайындығын да көрсетіп берді.  Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері саxнаның арғы жағында болып, алдағы эксклюзивті шоудың сценарийімен танысып шықты. Цирк әртістері болса, бір нөмірін көрсетті.