Жаңалықтар

Өскеменде жаңа әкім

ашық дереккөзі

Өскеменде жаңа әкім

Өскеменге жаңа әкім тағайындалды. Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған 36 жастағы Қуат Тумабаев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа қала басшысы қалалық мәслихаттың отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Облыс орталығында Қуат Тумабаев қала әкімі болған ең жас маман ретінде облыс тарихына енді. Қуат Тумабаев 1980 жылы 30 қазанда дүниеге келген. Оның әкесі "Агрофирма Приречное" директоры, облыстық мәслихат депутаты Мұхит Тумабаев. Еске салайық, өскемен әкімі Ерлан Аймұқашев бірнеше апта бұрын қызметінен өз еркімен кетті. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық байланыс» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 2001 жылы банк қызметкері ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап бас маман, 2005 жылдың сәуір айынан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік алыс-беріс және несиелендіруді жоспарлау Департаментінде бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментіндегі бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры болып жұмыс атқарған. 2015 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.