Моңғол қызы әлем супермоделі атанды
Моңғол қызы әлем супермоделі атанды
Моңғолиялық жеткіншек қыз әлем супермоделі атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды asiarussia.ru. World Supermodel 2017 Бас жүлдесін моңғолиялық қатысушы Алонгоо Тунгалагтамир иеленді.
Жеткіншек өз категориясында ғана емес, байқауды толықтай жеңіп, Гран-при тәжіне ие болды. Оныншы рет өтіп отырған World Supermodel байқауы мамырдың 21 мен 28 аралығында Макаода өтті. Бұл сайыста бүкіл әлемнің супермодельдері бақ сынады. Шараның соңындағы гала-шоу кезінде Алонгоо Тунгалагтамир жеткіншектер арасындағы және бүкіл конкурстың Гран-приінің иегері ретінде сахнаға шықты.
Ал ересектер арасында жеңіс Оңтүстік Африка өкілі Белинде Шредерге бұйырды. Айта кетейік, былтыр World Teen Supermodel байқауында да моңғолиялық Шинэтуяа Тэгшжаргал жеңіске жеткен болатын.