Ташкентте Франция елшілігінің қызметкері қаза тапты
Ташкентте Франция елшілігінің қызметкері қаза тапты
Өткен демалыс күндері Ташкент түбіндегі тауда парапланмен ұшу кезінде Францияның Өзбекстандағы елшілігінің қауіпсіздік қызметінің жетекшісі қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости.
"Біздің елшілік қызметкері Чимганда парапланмен ұшу кезінде қайтыс болды, ол - Франция азаматы, елшіліктің қауіпсіздік қызметін атқарған", - деді елшілік қызметкері.
Агенттік мәліметі бойынша, марқұмның денесі әлі Ташкентте, қазір Өзбекстан билігімен оны отанына қайтару мәселелері талқыланып жатыр.
"Францияның Өзбекстандағы елшілігі сенбі, 27 мамыр күні тіркелген қайғылы оқиғадан майор Франсис Делеганың қайтыс болғаны туралы хабарды қайғыра қабылдады", - делінген елшілік сайтындағы хабарламада.