Жаңалықтар

БҰҰ: 2017 жылы ондаған мың ауған босып кетті

ашық дереккөзі

БҰҰ: 2017 жылы ондаған мың ауған босып кетті

2017 жылы 100 мыңнан астам ауған жанжал аймағындағы баспаналарын бас тастап, қауіпсіз мекендерде бас сауғалауға мәжбүр болды, деп хабарлады Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарма мәліметі бойынша, Ауғанстанда қаңтар айынан бері 103 229 адам қоныс аударған. Бұл - 2016 жылдың дәл осы мезгіліндегі көрсеткіштен 36 пайызға аз. Басқарма мамандары өткен жылы дәл осы аймақтарда халық көп көшкенін, сол себепті биыл мекен ауыстырғандар саны сәл азайғанын айтты. Оның үстіне көптеген кедейлер көшуге ақша таппай отыр. Бұған қоса, көшіп баратын орындар да тынышсыз бола бастаған. "Талибан" қозғалысы мен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы елдің көптеген аймақтарында, соның ішінде Кабулде де шабуылдар жасады. Мемлекет астанасындағы шабуылдардан биыл жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапты.