Жаңалықтар

Астана әуежайындағы жаңа терминал құрылысы аяқталуға жақын

ашық дереккөзі

Астана әуежайындағы жаңа терминал құрылысы аяқталуға жақын

Астана қаласында әуежайдың жаңа терминал құрылысы аяқталуға жақын, – деп хабарлайды 24. Kz арнасы. Астана қаласы әкімдігі медиа орталығының хабарлауынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба әуежайдың көлемін екі жарым есеге ұлғайтып, EXPO-ны өткізу кезінде жолаушылар ағынының қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Елорда әуежайының жаңа терминал құрылысы 3 жылға созылған болатын. Жоба жаңадан басталып, онда көлемі 47 мың текше метрді құрайтын үш үлкен келу-кету алаңы, инфақұрылымды нысандар мен жаңа ұшақ тұрағы және де VIP-терминал қарастырылған. Ескі терминал ішкі рейстерде, ал жаңасы халықаралық рейстер үшін қолданылатын болады. Оның ішінде компьютерлермен жабдықталған офистер, wi-fiорнатылады, сондай-ақ алты әр түрлі орындықтары бар орындар да қарастырылған. Терминалдың үстіңгі қабаты толықтай мейрамханаға беріледі, бұдан бөлек, өзге әуежайлардағыдай жоғары лауазымды тұлғаларға VIP-орындар да қарастырылмақ. Нысанның құрылысына 1000-ға жуық адам жұмылдырылған. Бұл Қазақстанның және шетелдің жоғары білікті мамандары. Ғимараттың ішкі холында жұмыстар жүргізілуде және жаңа терминал жабдықтарын монтаждау аяқталуға жақын. Жаңа терминалда 400 адам еңбек ететін болады. Бұл – шекара және кеден қызметі, полицейлер және де авиакомпаниялардың өкілдері.