Алматы мен Астана мектептері арасын жалғастырған денсаулық телекөпірі
Алматы мен Астана мектептері арасын жалғастырған денсаулық телекөпірі
Таяуда Алматы мен Астана мектептерінің шығармашыл ұстаздары телекоммникациялық байланыс арқылы арақашықтықтың достыққа кедергі емес екенін дәлелдеді. «Нестле Фуд Қазақстан» компаниясының қолдауымен осымен 3 оқу жылы қатарынан екі сыныптың оқушылары «Дұрыс тамақтану мектебін» оқып келеді.
Екі мектептің оқушылары алған тәжірибесі, білімі мен идеяларын бөлісуді әдемі дәстүрге айналдырды. Телекөпір – соның бір дәлелі ғана. Оқу жылының аяғында алған білімдерін онлайн режимде талқылады. Мектептер театрландырылған көрініс қойып, «Репка» ертегісінің желісімен қазақ және орыс тілінде қойды.
Астананың Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебіне қарсылас ретінде №116 орта мектеп оқушылары алынды. Бұл кездесуге екінші сынып оқушылары көп дайындалды, мұнда мектеп бағдарламасын біліп қана қомай, өзінің шығармашылық әлеуетін көрсете алуы тиіс. Оқушылар интерактивті формада дәрумендер мен жемістердің пайдасын көрсетті.
– «Дұрыс тамақтану мектебі» - Healthy Kids жаһандық жобасының бір бөлігі. Қазіргі таңда 84 елдегі 8 миллион бала осы бағдарламаға қатысуда, бұл бағдарлама балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтануға баулиды. Әрбір мемлекетте оқытудың мазмұны мен әдісін ұлттық сарапшылар жасайды, – деді «Нестле Фуд Қазақстан» компаниясының бас директоры Марк Потаст.
2017 жылы Астана мен Алматы қалаларының білім беру басқармаларының көмегімен «Дұрыс тамақтану мектебін» 40 мектепте 4 мың бала оқиды. Үш жыл ішінде бағдарламаға қатысу құқына 100 мектеп пен 11 мың бала ие болды. Бір айта кететін жайт, «Дұрыс тамақтану мектебі» Білім және ғылыми министрлігінің Қазақстан мектептеріне арналған оқу құралы ретінде ұсынылған.
– Ойын сияқты жасалған дәл осы материал балалардың көңілін пайдалы ақпаратқа аудара алады. Сөйтіп кез келген сабақты денсаулық сақтаудың қызықты саяхатына айналдырады, бұл оқыту лекцияларында «болады» мен «болмайды» дегенді ғана жазады. Педагогтар балаларға жастайынан дұрыс тамақтануды үйретеді, – деді Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнар Ибраева.
Телекөпірдің соңында Астана қатысушылары Алматыдағы достарына тосынсый дайындаған екен, осылайша «Дұрыс тамақтану мектебінің» авторы – педагогика ғылымдарының кандидаты Өрік Иманғожинді тікелей эфирге шақырды.
– «Дұрыс тамақтану мектебі» бәрімізді біріктіріп, өмірді жақсарта түседі. Нағыз достықтың сабағын алыңдар! Барлығына мықты денасулық, сабақта сәттілік, жақсы достар мен жазғы каникулды жақсы өткізулеріңе тілектеспін, – деді Өрік Иманғожин.