СЭС көлемі 50 шаршы метрден аспайтын тамақтану орындарын тексермейтін болды

СЭС көлемі 50 шаршы метрден аспайтын тамақтану орындарын тексермейтін болды

СЭС көлемі 50 шаршы метрден аспайтын тамақтану орындарын тексермейтін болды
ашық дереккөзі
Санэпидемстанция көлемі 50 шаршы метрден аспайтын сауда-саттық орындары мен 50 орынға шақталған тамақтандыру орындарын  тексермейтін болды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Бұл туралы  тілшілермен кездескен еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның сөзінше, аталмыш шара кәсіпкерлікке деген қысымды төмендету үшін жасалған. Қазірдің өзінде Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлікке деген кедергіні азайту үшін рұқсат ету құжаттарының санын 92 пайызға төмендеткен. Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары: Кәсіпкерлер өздері өндірістік бақылауын күшейту керек. Яғни «өзін-өзі» бақылауы керек. Сондай-ақ тұтынушылармен, яғни тұрғындармен кері байланыс орнауы тиіс. Яғни тамақтарына шағым түсіп, улану оқиғасы тіркелсе, нақты дәлелдермен шағым жазып, тек содан кейін тексеріс жүргізілетін болады. Бұл аталмыш орындар мүлде назардан тыс қалады деген сөз емес. Алайда, бұл өзгеріс қарапайым тұрғындарды шошытып отыр. Себебі олар онсыз да санитарлық жағдайы мәз емес базар маңындағы және қаланың кез-келген жерінде кездестіруге болатын шағын орындарда санитарлық жағдай тіптен төмендеп кетеме деп алаңдайды.