Әрқайсысы 1,5 миллионға салынған Ақтөбедегі аялдамалар іске жарамай қалды

Әрқайсысы 1,5 миллионға салынған Ақтөбедегі аялдамалар іске жарамай қалды

Әрқайсысы 1,5 миллионға салынған Ақтөбедегі аялдамалар іске жарамай қалды
ашық дереккөзі

Ақтөбе қаласында қойылғанына бір жыл да болмаған жаңа USB тетікті аялдамалар  істен шығып жатыр. 31 арнаның хабарлауынша, біреуінің құны 1 миллион 600 мың теңге болатын аялдамалардың өткен жылы қалаға он екісі орнатылған. 

"USB тетігі бар деп қымбатқа бағаланған бекеттердің сапасы нашар болғаны соншалық, тіпті USB тетіктері көпке шыдамай істен шықты", - дейді ашынған тұрғындар.

Қазір осындай жөндеуді қажет ететін жаңа аялдамалар орындарынан алынып жатыр. Алайда жергілікті билік бұл қайтадан жаңартылатын жаңа аялдамалар демеушілердің көмегімен жүзеге асырылады деп отыр. Оған қоса биыл қалада тағы 34 аялдама бекеті қойылады деген жоспар бар.Оның 19 -ы осындай USB тетікті болады екен. Ол үшін жергілікті бюджеттен 33 миллионнан астам қаржы тағы бөлінген. "Біздегі бар мәлімет бойынша спонсорлықпен жаңа түрдегі аялдамалар қондырылады. Сондықтан сол орындары ауыстырылып жатыр. Осындай 25 аялдама өзгертілуі тиіс", - дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы бөлімі  абаттандыру және көгалдандыру секторының меңгерушісі Хасен Юсупов.