Жанат Түсіпбеков - Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті

Жанат Түсіпбеков - Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті

Жанат Түсіпбеков - Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті
ашық дереккөзі
Кеше Бангкокта Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (ХААФ) Сайлау конгресінің бірінші күні аяқталды. Қазақстан федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков басқа үміткерлерді басымдықпен сайлауда жеңіп шығып, ХААФ вице-президенттерінің бірі атанды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Конгресс 2015-2017 жылдар аралығындағы Жанат Түсіпбековтің маркетинг комиссия төрағасы ретіндегі жұмысын жоғары бағалап, оның ҚР ААФ көшбасшысы ретінде жақсы ұйымдастырушылық қабілетін, соның ішінде Риодағы Олимпиада ойындарында өткен сәтті маркетингтік науқанын және 2016 жылдан бастап ауыр атлетикадан Азия Чемпионатының халықаралық трансляциясын ұйымдастырғанын атап өтті. Қазақстанда жүргізілген жұмыстары, соның ішінде допингке қарсы тәртіпті (2016-2017 жылдары халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер арасында допинг-сынамасының бірде-бір оң нәтижесі болмады) нығайтуы; балаларды жаппай спортқа тарту және жаттығу процестері үшін жағдайды жақсарту бойынша атқарған жұмыстары жоғары бағаланды. Сайлау қорытындысы: Тамаш Аян (Венгрия) президент болып қайта сайланды; Бас хатшы - Мохаммед Джалуд (Ирак); Бірінші вице-президент - генерал Интарат Йодбангтой (Тайланд); Вице-президент - Урсула Папандреа (АҚШ); Вице-президенттер: Жанат Түсіпбеков (Қазақстан), Хосе Карлос Киньонес (Перу), Нику Влад (Румыния), Петр Крол (Чехия).