Зообақ қызметкерін тордағы жолбарыс талап өлтірді
Зообақ қызметкерін тордағы жолбарыс талап өлтірді
Британияда Кембриджшир графтығының Хантингдон қаласында жолбарыстың торында қалып қойған хайуанаттар бағының қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Хантингдон полицияның хабарлауынша, жолбарыс вольерде қызметкер жүрген кезде кіріп келіп, тап берген. Әйел сол жерде көз жұмды. Әзірге полиция қоршау ішінде қызметкер болған кезінде жыртқыштың оған қалай және қашан тап болғанын анықтау үстінде.
Hamerton Zoo Park бағының басшылығы қайғылы оқиғаны кездейсоқ жағдай деп мәлімдеді. Әкімшіліктің айтуынша, хайуанаттар бағына келушілерге қауіп төнбеген, жолбарыс қоршаудан сыртқа шығып кетпуі мүмкін емес екен. Еске сала кетсек, 2008 жылы қазан айында осы зообақтан қабылан қашып кеткен болатын. Жыртқышты өз ауласынан көріп қалған он жасар бала полицияға хабар берген еді.