Жаңалықтар

Мюнхенде шөгеннен өткен халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңімпаз атанды

ашық дереккөзі

Мюнхенде шөгеннен өткен халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңімпаз атанды

Қазақстандық шөген командалары - «Astana Polo Club» пен «Almaty Polo Club» Мюнхенде  өткен «Munich Polo Cup 2017» және  «Munchin Gold Cup 2017» халықаралық турнирлерінен жеңіспен оралды, деп хабарлайды Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметі. «Astana Polo Club» командасы Голландия, Швейцария және Германия секілді алпауыт елдерді артта қалдырып, «Munich Polo Cup 2017» (25-26 мамыр) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ал «Munchin Gold Cup» (27-28 мамыр) халықаралық сайысында «Almaty Polo Club» жеңіске жетіп, Голландия, Германия және Швейцарияны шаң қаптырды. «Бізге бұл жеңістер оңай келді деп айта алмаймыз. Қарсыластарымыз өте мықты болды, Еуропада шөген аса танымал ойын, бірақ біз де дес бермейміз», - дейді «Almaty Polo Club» командасының капитаны Қуаныш Мұсабеков. «Бұл біздің халықаралық аренадағы бірінші жеңісіміз емес. Мәселен, «Astana Polo Club» командасы 2016 жылы Аргентинаның Лухан қаласында өткен халықаралық турнирден I орынмен оралған болатын. Сондай-ақ, 2017 жылы Аргентинадағы «Santa Catalina Summer Cup» және «Torneo Summer Polo Match» халықаралық турнирлерінде біздің командалар шетелдік шөгеншілерді басып озып, I орыннан көрінді. Биыл өз елімізде өткен «Almaty Snow Polo Cup» халықаралық додадада I орын өзімізге бұйырды. Ал, 2017 жылы Аргентинаның Лухан қаласындағы халықаралық сайыста «Almaty Polo Club» жеңімпаз атанып, ең үздік командалардың қатарына қосылды. Міне, Мюнхендегі жеңіс те біздің еншімізде », - дейді Халықаралық шөген федерациясының бірінші вице-президенті Сәрсен Құранбек.