Ақша үшін 22 сау тісін жұлған

Ақша үшін 22 сау тісін жұлған

Ақша үшін 22 сау тісін жұлған
ашық дереккөзі
 Санкт-Петербургте стоматолог дәрігер науқастың 22 сау тісін ақша үшін жұлып тастағанына байланысты алаяқтық бойынша іс қозғалды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Тергеу мәліметінше, 2014 жылы дәрігер Фрунзе ауданындағы жеке клиникалардың бірінде 43 жастағы әйелдің тісін емдеу қызметінің мөлшері бойынша алдап соққан.  Тіс дәрігері науқастың 22 сау тісін жұлып тастаған. Осы еңбегі үшін дәрігер науқастың 843 мың рублін қағып алған.  Тергеушілер осы дәрігердің басқа да осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бүгінде адамдар ақша үшін неге бармай жатыр? Мұның арты неге әкеп соғатынын дәрігер білмеген бе, әлде бұл үйреншікті әдеті ме? Мәселенің бұл жағын тергеу орындары анықтау үстінде.