Туған ұлын күрекпен сабаған әке қамауға алынбайтын болды
Туған ұлын күрекпен сабаған әке қамауға алынбайтын болды
Шымкентте 49 жастағы азаматты ұстап, тергеген прокурорлар жалғызбасты әкеге аяушылық танытып отыр. Төртке де толмаған ұлын күрекпен де, қолмен де сабаған Пернебек Қарабаев болса, өз ісіне өкініш білдіруде.
"Ұлымды жұрт ойлағандай ұрғам жоқ. Өмірімде барым да, нарым да осы балам ғой. Қасымбекті қатты жақсы көремін және ұрғаныма өкінемін", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Пернебек Қарабаев.
Кішкентай Қасымбекті анасы бір жарым жасында тастап кетіпті. Содан бері 3 жыл бойы Қасымбекті әкесі жалғыз бағып келеді. Әр жерде жалданып жұмыс істейтін ер адам, баласын өзімен бірге алып жүрген. Кезекті мәрте жалданған жерінде сол үйдің әйелі ұлының тентектігіне сын айтыпты. Соған шамданған Пернебек қаршадай ұлын шапалақпен ұрып, ал күрекпен жәй қорқыттым дейді. Тек видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен соң жұрт шулап, дұрыс түсінбеген-мыс. Ал істің ақ-қарасын анықтап жатқан прокурорлар әке мен баланы ажыратудың қажеті жоқ деп отыр.
"Бала әкесінің қасында «папалап» жүгіріп жүр. Оны бөліп алып қайтеміз. Сондықтан, оған қазіргі жағдайда шара қолданған жоқпыз", - деді Еңбекші ауданының прокуроры Марат Сматов мырза.
Прокурорлардың айтуынша, 1968 жылғы ер адамға қатысты ешқандай да жаза қолданылмаған. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор отбасыны бақылауға алды. Ер адамның өзі өз ісіне өкініп отыр екен. Сол күні баласын көлік дөңгелектерінің ортасына отырғызып қойғысы келгенін айтты, себебі үй иелерінің мазасын алмасын дедім. Баланың айтуынша, үй иелері оған ұрысқан. "Күрекпен ұрмадым. Сілтеп қалдым. Бұл менің жалғыз балам. Әйелім кетіп қалғанда, туыстарым баланы өз қолына алғысы келген, бірақ мен бермедім. Мені оны жақсы көрем", - деді Пернебек Қарабаев журналистерге.
Шынында да, баланы әкесінен айырудың қажеті шамалы. Бәлкім, әкенің бұл ісі өзіне сабақ болатын шығар.