Филиппинде Құранды жатқа білмегені үшін бейбіт тұрғынды азаптап өлтірді

Филиппинде Құранды жатқа білмегені үшін бейбіт тұрғынды азаптап өлтірді

Филиппинде Құранды жатқа білмегені үшін бейбіт тұрғынды азаптап өлтірді
ашық дереккөзі
Филиппин елінде экстремистер Құранды жатқа білмегені үшін бейбіт тұрғынды азаптап өлтіріпті. Бір аптаның ішінде соғыс жүріп жатқан бұл елде қазірдің өзінде жүзден астам адам қаза болды. Минданао аралындағы ДАИШ содырлары мен әскерилер арасындағы ұрыс қимылдары күні-түні жүріп жатыр. Әскерилер қаланы азат ету үшін тіпті содырлар шоғырланған аймақтарға ракета да жіберді. Алайда, экстремистер қатарына Малайзия, Сингапур, Индонезия мен Таяу Шығыс елдерінен содырлар келіп, қосылып жатыр. Ал жексенбі күні полиция қала шетінен 8 тұрғынның денесін тапты. Соғыс ошағынан бас сауғалаған адамдарды содырлар Құранды жатқа айта алмағаны үшін қинап өлтірген екен.