Жаңалықтар

Атамбаев Қырғызстанда президенттік сайлау өтетін күнді жариялады

ашық дереккөзі

Атамбаев Қырғызстанда президенттік сайлау өтетін күнді жариялады

  Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың хабарлауынша, кезекті президенттік сайлау 15 қазанда өтеді. Сайлау өтетін жаңа күн белгіленгенін ол Қарулы күштердің құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты кеште мәлімдеді. Оның айтуынша, 15 қазанда халық жаңа мемлекет басшысын сайлайды. "Соңғы бірнеше айда мен өткен күндерді еске алып, президент ретінде атқарған жұмыстарыма баға берумен болдым. Жаратқанға алғыс! Соның көмегімен соңғы 5-6 жылда елді толғандырған көптеген мәселелер шешілді", - деді Атамбаев. Президент елдің соңғы бірнеше жылдағы жетістіктерін атап өтті. "Ең әуелі, бұл - тұрақты орныққан бейбітшілік. Ата-бабаларымыдың рухы адамдардың бойында қайта тірілді", - деді ол. Биыл ақпан айында ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабековпен кездескен Атамбаев президенттік сайлаудың 19 қарашада өтетінін айтты. Кейін "Ата Мекен" парламенттік фракциясы сайлауды тамызда өткізуді ұсынды. Президенттік сайлау өтетін күн әлі бекітілген жоқ. Парламент сайлау күнін өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады. Ол бойынша, биыл сайлау 15 қазанға сәйкес келіп тұр.