Элвис Преслидің ұшағы 430 мың АҚШ долларына сатылды

Элвис Преслидің ұшағы 430 мың АҚШ долларына сатылды

Элвис Преслидің ұшағы 430 мың АҚШ долларына сатылды
ашық дереккөзі
«Рок-н-ролл королі» Элвис Преслидің ұшағы аукционға шығарылып, 430 мың АҚШ долларына сатылды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.  Арнаның хабарлауынша, Элвис Преслидің әкесі Элвис Вернон Преслиге тиесілі болған Lockheed Jetstar ұшағы 1962 жылы шығарылған. Әуе ұшағының ішкі салонының интерьерін Элвистің өзі ойластырған. Аукцион ұйымдастырушылары ұшақты қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін жариялаған болатын. Өйткені ұшақ 30 жыл бойы пайдаланылмаған соң, кейбір бөлшектері ескірген. Ал ұшақтың жаңа йесінің есімі құпия сақталып отыр. Пресли 1977 жылы 42 жасында қайтыс болды. Алайда әлі күнге дейін танымал орындаушы ретінде есімі әлемге белгілі.