Жаңалықтар

Геннадий Головкин IBF-тен сыйлық алды

ашық дереккөзі

Геннадий Головкин IBF-тен сыйлық алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 2016 жылғы жетістігі үшін IBF-тен сыйлық алды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Халықаралық бокс федерациясының АҚШ-тын Флорида штатында орналасқан Сент-Питерсбергте өткен 34-ші жыл сайынғы конвенциясына қатысты. Айтулы шарада Головкин 2016 жылғы тамаша жетістігі үшін IBF-тен награда алды. «Мен үшін Халықаралық бокс федерациясынан (IBF) Джерси Джо Уолкотт атындағы сыйлықты алу үлкен мәртебе. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рақмет!», – деп жазды Геннадий Головкин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.