Жаңалықтар

ЭКСПО аясындағы концерттерге билет сатылуда

ашық дереккөзі

ЭКСПО аясындағы концерттерге билет сатылуда

Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кездесуі кезінде айтты. «Қазірдің өзінде он бес мың билет сатылып кетті. Стадион отыз мың адамға арналған. 27 маусымға дейін барлық билеттердің сатылатынына күмәніміз жоқ» деді министр. Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өзі жауапты салалар бойынша есеп беріп жатыр. Ал Expo-2017 көрмесінің ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти, Би-2 және "Мумий Тролль" концерттерінің билеттері сатыла бастады. Сондай-ақ, Black Star (Тимати, L'One, Мот және тағы басқалар), Полина Гагарина және Егор Кридтің концерттеріне билет сатып алуға болады. Айта кетейік, EXPO-2017 аясында The Spirit of Tengri, JAZZIA Astana 2017 және MTV телеарнасының концерті өтеді. Мәдени бағдарламамен толығырақ мына жерде таныса аласыздар. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, EXPO-2017 көрмесіне бару жұмыс күндері - 4 000 теңге, ал демалыс күндері - 6 000 теңге болады. Ал нақты күні көрсетілмеген билеттер 8 000 теңге тұрады. Сонымен қатар, EXPO-2017 аясында КВН ойындарының жазғы кубогі мен Cirque du Soleil шоуы өтеді. EXPO-2017 халықаралық көрмесі өз жұмысын Астанада 10 маусымда бастайды. Айта кетейік, көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған.