Саммитте қалғып кеткен Трамп
Саммитте қалғып кеткен Трамп
Шетелдік ақпарат көздерінің кешегі басты тақырыбы, көптеген елдердің басшылары бас қосқан G7 саммитінде сөйленген сөздер мен іс-қимылдары болды. Десе де, жұрттың назарын көбірек аударғаны – тағы да сол атышулы АҚШ президенті Дональд Трамп болды. Көптеген шетелдік басылымдар Трамптың саммитте өзге ел басшыларының сөзіне мүлде назар аудармағанын айтып сынауда. Бұл ғаламдық ақпарат құралдарында қызу тақырыпқа айналып шыға берді. Тіпті Ақүй баспасөз хатшысынан арнаулы түсініктеме сұрады деп жазды “The Qazaq Times”.
Британдық «Mirror» (Айна) басылымы саммиттегі бейне түсірілімді жіңішкелікпен талдап көрсетті. Басылымда: «Бейне көрініс кесінділерінің мына бір (2-ші сурет) бөлегіне назар аударыңыз. Бұл Италия премьер-министрі арнаулы баяндама жасап жатқан кез. Германия канцлері Ангела Меркель мен Тунис президенті Каид Эс-Себси және өзге елдердің басшылары бар назарын салып тыңдап отырғаны байқалады. Алайда, президент Трамптың әрекеті түсініксіз. Құлағына аудармашының тыңдағышын да ілмеген күйі, түс көріп кеткен секілді. Әлде, Трамп италия тілін жақсы біле ме?», – деп жазылыпты.