Жаңалықтар

Қазақстан Қытай үшін ядролық отын өндіреді

ашық дереккөзі

Қазақстан Қытай үшін ядролық отын өндіреді

Қазақстан Қытай үшін ядролық отын өндіретін болады. Бірінші кезеңде француздық Areva компаниясының құралдарын пайдалана отырып, жылына 200 тонна отын өндірілмек. Қазақстан ең ірі уран өндіруші мемлекет болғандықтан, шикізатты өндіру Қытай мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорындары арқылы 2019 жылға қарай жүзеге асырылады. Бұл туралы Qazaqtimes жазды Рейтер агенттігіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Үлбі-ФА бірлескен кәсіпорны Қазақстанда уранды өңдейтін зауыт салып жатыр. Рейтер агенттігінің мәліметінше, Қазақстан уранды октаксид және түйіршіктелген триуран түрінде экспорттайды. Ал Қытайдың электр станцияларына экспортталған уран тағы да өңдеуді қажет етеді. Бірлескен кәсіпорынның "Қазавтопром"мемлекеттік компаниясы мен қытайлық General Nuclear Power Group компаниясынан айырмашылығы ядролық отынды пайдалануға толық дайындап шығарады.