Алматылық бойжеткен Таиландтан Денге безгенін жұқтырып келді

Алматылық бойжеткен Таиландтан Денге безгенін жұқтырып келді

Алматылық бойжеткен Таиландтан Денге безгенін жұқтырып келді
ашық дереккөзі

Кезекті демалысын өткізу үшін Таиландқа барған Алматылық ару Денге безгегін жұқтырып келген. Бойжеткен жоғары температурамен жұқпалы аурулар емханасынан бір-ақ шыққан деп хабарлайды 31 арна

Әлияның Таиландтан оралғанына 10 күннен асты. Алматыға келе салып, оның қызуы көтеріліп, өзін жайсыз сезіне бастаған. Мамандар қыздың қан құрамында Денге вирусы болуы мүмкін деген болжам айтуда.

"Елге келген түні дене қызуым өмірімде алғаш рет 40 градусқа көтерілді. Бүкіл денем сыздап, ауырып тұрдым. Мені осында әкеліп, безгек ауру болуы мүмкін екенін айтты", - дейді Әлия. Денге безгегі - өте трансмиссивті вирусты ауру.  Бұл ауру Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азия, Африка елдерінде кездеседі. Жыл сайын аталған аурумен 50 миллионға жуық адам ауырады. Дәрігерлердің айтуынша, Алматыда жылына Денге безгегімен бес адамды ғана тіркейді. Ауру тропикалық елдерде ғана өмір сүретін маса арқылы жұғады. Белгілері бірден пайда болмайды. "Біздің елде  бұл ауруды тарататын масалар жоқ. Бірақ, бұл адам өмірі үшін өте қауіпті", - дейді жұқпалы аурулар ауруханасы басшысының орынбасары Тамара Утаганова. Мамандар бұл ауруға қарсы екпенің бізде жоқ екенін айтуда. Бірақ тағы бір қауіпті ауру сары безгектің екпесін алуға болады.