«100 жаңа есім» жобасына Қанат, Димаш, Головкин секілді тұлғалар енуі керек

«100 жаңа есім» жобасына Қанат, Димаш, Головкин секілді тұлғалар енуі керек

«100 жаңа есім» жобасына Қанат, Димаш, Головкин секілді тұлғалар енуі керек
ашық дереккөзі
«100 жаңа есім» жобасына үміткерлер патриотизмнің үлгісін көрсетіп жүрген Қанат Ислам, Қазақстанды әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин және Жансая Әбдімәлік сияқты азаматтар болуы керек. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының «Апта» бағдарламасында берген сұхбатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті. Сұхбат барысында министр жоба аясында таңдалатын 100 тұлға ерекше жетістікке жеткен, халыққа жан-жақты үлгі етілетін адамдар болуы керектігін айтты. «Мысалға Головкин мен Димашты алайық. Біреуі спортта, екіншісі өнерде Қазақстанның атын әлемге танытып жүр. Сол сияқты өз халқымның намысын қорғаймын деп атажұртқа оралған Қанат Исламды айтсақ, ол - жастар үшін нағыз патриотизмнің үлгісі. Немесе бір өзі мыңдаған баланың шахматқа қызығушылығын оятқан Жансая Әбдімәлікті айтуға болады. «100 жаңа есім» жобасында осындай азаматтардың аты болуы тиіс. Бірақ, біз бұрын айтылмай жүрген жаңа есімдерді де табуымыз керек», - деді Дәурен Абаев. Сонымен қатар, Д.Абаев оларды тек Астана мен Алматы сияқты үлкен орталықтардан емес, барлық өңірден іздеу қажеттігіне тоқталды. Еске сала кетсек, Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев - ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның «100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі. Ал жақында өткен жұмыс тобының отырысында  министрлік Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бірлесіп алдағы жұмыс жоспарын белгілеген болатын.