Жаңалықтар

Өзбек имамдары теріс ағымдағылармен әңгіме жүргізе бастады

ашық дереккөзі

Өзбек имамдары теріс ағымдағылармен әңгіме жүргізе бастады

Өзбекстандық имамдар діни мотив бойынша сотталған немесе экстремизм бойынша іздеуде жүргендердің туыстарымен әңгімелесті. Әндіжан облысындағы мешіт имамының хабарлауынша, соңғы бір ай бойы ол діни мотив бойынша сотталғандардың, шетелге кеткендердің немесе іздеуде жүргендердің туыстарымен әңгімелескен. Ташкенттегі Алмазар ауданындағы мешіт имамының айтуынша, мұндай әңгімелер республиканың барлық аймақтарында жүргізіліп келеді. Әңгімелесу кезінде имамдар президент Шавкат Мирзияевтің "діни рақымшылық" жариялауы мүмкін екендігін айтқан. Бірақ Олий Мәжіліс сенатының өкілі мұндай рақымшылық туралы мәліметті жоққа шығарды. "Эзгулик" адам құқығын қорғау қоғамының өкілі әрі тәуелсіз журналист Әбдірахман Ташановтың айтуынша, Ташкенттегі имамдар діни мотив бойынша сотталғандардың істерін зерттеп жатыр. "Беделді имамдар ол адамдардың істерін зерттеп, олардың мемлекетке қауіп төндірмейтінін, бостандыққа жіберуге болатынын билікке жеткізеді", - деді ол.