Жаңалықтар

Алматыда ЭКСПО билеттері 71 нүктеде сатылуда

ашық дереккөзі

Алматыда ЭКСПО билеттері 71 нүктеде сатылуда

Астана қаласында 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесіне Алматы қаласы бойынша билеттер сатылып жатыр, деп хабарлайды sn.kz.  Алматылықтар көрмеге билетті қала бойынша 71 жерден сатып ала алады. Билет бағаларына тоқтала кетсек. Белгілі бір мерзімге тіркелген билет – 4000 теңге, ал белгілі бір мерзімге тіркелген демалыс күнінің билеті мен апта күндеріне арналған билет құны 6000 теңгеден. Демалыс күніне арналған, мерзімі жазылмаған билетті алғысы келгендер 8000 теңге төлеуі тиіс. Айта кетерлігі, ҚР азаматтары үшін жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы «Астана ЭКСПО – 2017» жедел штабының басшысы Ермекбаев Самғат: «Ұлы Отан соғысы ардагерлері,  барлық топтағы мүгедектер, 6 жасқа дейінгі балалар билетті тегін алады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен студенттерге, зейнеткерлер мен көп балалы ата-аналар үшін 50% жеңілдік қарастырылған. Алайда, шетелдік азаматтарға бұл жеңілдіктер берілмейді», - дейді.