Жаңалықтар

Алматыда "Адем" сауда үйі өртенді

ашық дереккөзі

Алматыда "Адем" сауда үйі өртенді

Алапат өрт түнгі сағат 11-12 аралығында тұтанған. Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр, - деп  хабарлайды Tengrinews.kz.

Әуелде сауда үйінен будақтаған түтін шығып, соңы жалын шарпыған өртке ұласыпты.  Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сауда үйін жалға алғандар өрт баста салып жедел жеткенімен тілсіз жаудан тауарларын арашап қала алмаған көрінеді. Сондай-ақ, өрт басталғанда сауда үйінен қатты жарылыс даусы естілген. Бұл дыбысты газ балоннының жарылған дауысы деген болжамдар айтылуда.