Жаңалықтар

Назарбаев университетінің алғашқы докторларына дипломды Елбасы тапсырды

ашық дереккөзі

Назарбаев университетінің алғашқы докторларына дипломды Елбасы тапсырды

Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің алғашқы PhD докторларына салтанатты түрде диплом тапсырды. Аталған дипломға Сәуле Әбілдинова, Гүлдана Ахметова, Ләйла Юлдуз, Жанар Жұмабаева, Зәуреш Қазыбаева, Мәдина Тынымбаева, Арай Саниязова және Әсел Мұхамеджанова ие болды. «Біз, Назарбаев университетінің түлектері, осы уақытқа дейін қол жеткізген абыройды биік ұстауға тырысамыз. Болашақта Назарбаев университеті әлем мойындаған университетке айналып, сіздің асқақ арманыңыз орындалады деп кәміл сенеміз», деді түлектер өз сөзінде. Президент тұңғыш докторанттардың бірі Қазақстанның қиыр шығысы Катонқарағайдан, енді бірі солтүстік өңірден, сол сияқты еліміздің барлық облыстарынан жиналғанын жеткізіп: «Талантты болса, бәрінің мүмкіншілігі бар» деді. Осылайша, Назарбаев университетінің білім бәйгесінде барлық жастарға құшағы ашық екенін еске салып, еңбек майданына қанат қаққан түлектерге ақ жол тіледі. Университет басшысы Шигео Катсу осынау қуанышты сәтті бөлісуге келген Елбасыға алғыс айтты.