Арыстанбек Мұхамедиұлы: Сіздің жетістігіңіз – барша қазақ елі үшін зор мақтаныш!

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Сіздің жетістігіңіз – барша қазақ елі үшін зор мақтаныш!

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Сіздің жетістігіңіз – барша қазақ елі үшін зор мақтаныш!
ашық дереккөзі
"Сіздің жетістігіңіз – барша қазақ елі үшін зор мақтаныш!", – деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін WBO NABA және WBA Intercontinental титулдары үшін мексикандық Норберто Гонсалеспен кездесуде жеңіске жеткен қазақстандық боксша Қанат Исламға арналған құттықтау хатында. «Құрметті Қанат! Сізді  бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental титулы үшін АҚШ-ң Флорида штатында өткен кездесудегі жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің жетістігіңіз – барша қазақ елі үшін зор мақтаныш. Бұл жеңісіңіз миллиондаған қазақ жастарының боксқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға себеп болары сөзсіз. Жас боксшылар Сізге қарап бой түзейді. Әлемдік деңгейде атағы шыққан сіз сияқты спортшымыздың барына біз де мақтанамыз. Шаршы алаңда шаршамай, биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспін», - деп жазылған министр құттықтауында. Айтып кету керек, танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам бұл кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл жеңістің арқасында отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарының иегері атанды. Қанат Исламның есебінде 25 кездесуде 25 жеңіс, олардың 19 нокаутпен аяқталды.