Жаңалықтар

28 жастағы жігіт IV Алматы Марафонының рекордын жаңартты

ашық дереккөзі

28 жастағы жігіт IV Алматы Марафонының рекордын жаңартты

IV Алматы Марафонының жеңімпазы анықталды. 42 шақырым 195 метрлік  қашықтықты 2 сағат 35 минут 51 секундта жүгіріп өткен 28 жастағы Адрей Лейменов өткен жылдың рекордын жаңартты.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өткен жылғы чемпион Алмат Имашевқа  (02:36:21) жеткізбеді.  Ал екінші орынның жеңімпазы Георгий Шейко (02:37:50) атанды.

Ал, биылғы сайыста әйелдер арасындағы супер марафонның былтырғы чемпионы Гүлжанат Жанатбек (2:52:18) жеңіп алды.