Жаңалықтар

Әулиеғаш ауылында тағы да қызыл су

ашық дереккөзі

Әулиеғаш ауылында тағы да қызыл су

Әулиеағаш ауылы былтыр да селден зардап шегіп, ауылдың екі жағын жалғастырған көпірді ағызып әкеткен еді. Биыл, міне, тағы да өзен тасып, ауылдықтарды әбігерге салды. Бірақ адам шығыны жоқ. Биыл республика өңірлерін қызыл судан зардап шеккені сан мәрте жазылды. Жыл сайын қанды судың қырғынынан ұшырайтын Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының өзінде алдын алу жұмыстары жүргізілсе де, шығын өте көп. Шығынды көтеретін әлбетте шаруалар, ауласы мен қорасын, малын да ағызып әкетті. Ал жақында Алматы облысы Панфилов ауданы Әулиеағаш аулында бұршақ жауып, ауылды сел алып кетті. Бұрын-соңды өзен арнасынан сәл ғана асатын қызыл су биыл ауылдың ішіне еніп, тіпті көше мен аулаларды тасқын судың арнасына айналдырды. https://www.instagram.com/p/BUhZqjYjMII/ Ең қиыны, жергілікті шаруалардың салған егіні мен енді гүлдеген бау-бақшаның тас-талқаны шықты. Бұл кейбір ауыл тұрғындарының негізгі табысы, күнкөріс көзі еді.