Криштиану Роналду салық төлеуден жалтарды деп айыпталуда

Криштиану Роналду салық төлеуден жалтарды деп айыпталуда

Криштиану Роналду салық төлеуден жалтарды деп айыпталуда
ашық дереккөзі
Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналдуға салық төлемегені үшін сегіз миллион еуро айыппұл төлем, төрт айға қамалуы мүмкін. Бұл туралы Лента.ру хабарлайды. Испанияның салық ведомствосы 2009 жылдан бері «Реалда» ойнап келе жатқан футболшының 2011-2014 жылдар аралығында сегіз миллион еуро салық төлемей келгені туралы дәлелдері бар екендігіне сенімді. Сондай-ақ, салық инспекторларының бұл мәселе жайлы пікірлері әртүрлі. Кейбіреулер Роналдуға қатысты қылмыстық іс қозғамай, оның бұл әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағалаған дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар, ол 2,1 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуі керек. Испанияның заңнамасына сәйкес, оның екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы шартты жазамен алмастырылуы мүмкін. Еске сала кетейік, бұған дейін Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессиге де салықтан жалтарды деп айып тағылып, үкім шығарылған болатын.