Өзбекстандық түлектер мектеп бітіру кештерін өткізбейтін болды
Өзбекстандық түлектер мектеп бітіру кештерін өткізбейтін болды
Өзбекстанның халықтық білім беру министрлігі мектеп бітіру кештерін өткізуге, емтихан үшін және мұғалімдерге сыйлыққа деп ақша жинауға тыйым салды. Бұл жөнінде министрліктің бұйрығында айтылған, деп жазады centralasian.org.
Оқу жылын аяқтауға байланысты мерекелік шараларды тек ғана мектеп қабырғасында, мұғалімдердің бақылауымен өткізуге рұқсат берілген.
Айта кетейік, Өзбекстанның Білім министрлігінің мәліметі бойынша биыл Өзбекстанда жалпы орта білім беру мектебін 467 мың оқушы бітіріп жатыр.