«Нұрлы жолдың» 3 млрд теңгесін жымқырған
«Нұрлы жолдың» 3 млрд теңгесін жымқырған
«Нұрлы жолдың» 3 млрд теңгесін жымқырған «ҚазАвтоЖол» басшыларының бірі ұсталды.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі Павлодар облысының аумағында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Орталық-Шығыс» автомобиль жолын жаңғыртуға бөлінген бюджет қаржысының ұрлану қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомство ақпаратына сәйкес, 23 мамыр күні «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары А.А.Қасымханов ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалған. Оған қатысты 3 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдік келтірілуде.