Зейнетақы қорындағы қаржы Apple, Facebook секілді компанияларға салынады

Зейнетақы қорындағы қаржы Apple, Facebook секілді компанияларға салынады

Зейнетақы қорындағы қаржы Apple, Facebook секілді компанияларға салынады
ашық дереккөзі
Болашақта БЖЗҚ активтерін Apple, Facebook секілді алпауыт компанияларға инвестициялануы мүмкін. Бұл туралы Ұлттяқ банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Бас банкирдің айтуынша, 2016 жылдан бастап сарапшылардың кеңесі бойынша инвестициялық портфельдің долларлық үлесі көбейеді. Бүгінде ол 17-ден 27 пайызға дейін артқан. «Ұлттық банк қаржыны бөлудің жаңа тетігін қарастырып жатыр. Компанияларды таңдаған кезде Ұлттық банк те, Үкімет те MSCI Word индексіне иек артатын болады. Онда әлемдік деңгейдегі компаниялар бар. Яғни доллар валютасындағы қаржы Apple, Facebook сияқты компанияларға салынатын болады», - деді Данияр Ақышев. Сондай-ақ, Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерден БЖЗҚ активтерін шығарып жатқанын хабарлады. «БЖЗҚ активтерінің екінші деңгейлі банктердегі қаржысы біртіндеп қайтарылып жатыр. 2014 жылы банктерге 90 млрд теңге салынса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 400 млрд теңге болатын. 2016 жылы банктерде 112 млрд теңге сақталды. 2017 жылы банктерге мүлде қаржы салынбады», - деп қорытындылады ол.