Қыдырәлі мен Қарақат қыздарына ат қойды
Қыдырәлі мен Қарақат қыздарына ат қойды
Қазақ сахнасының қол ұстасқан қос әншісі Қыдырәлі мен Қарақат көптен күткен қыздарына азан шақырып ат қойды.
Бұл туралы Қарақат Instagram желісіндегі оқырмандарының біріне берген жауабында айтқан. Көзайым қыздарына «Аяла» деген есім беріпті. Кесте тігер қызғалдағына есемді әкесі таңдаған көрінеді.
15 мамырда аяқ-қолын бауырына алып, балапанын құшағына қысқан әншіні 17 мамырда жүзге жуық адам сән-салтанатпен перзентханадан шығарып алған болатын.