Әлеуметтік желілердің қауіптілік рейтингі жасалды
Әлеуметтік желілердің қауіптілік рейтингі жасалды
RSPH британдық медициналық ұйымының зерттеушілері әлеуметтік желілер мен медианың жеткіншектердің денсаулығына психикалық әсерін зерттеді.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде сарапшылар қандай әлеуметтік желілердің зиянсыз және қайсылары кері ықпал ететінін анықтады. Сонымен, жас жеткіншектердің психикасы үшін ең қауіпті әлеуметтік желі – YouTube деп танылды. Бұдан кейінгі орындарды Facebook және Twitter өзара бөліседі. Үздік бестікті Snapchat пен Instagram қорытындылайды. Бұл ретте, Instagram ең «жағымсыз» әсер ететін желі деп танылды.
Сарапшылардың пікірі бойынша, соңғы аталған екі әлеуметтік желі жастардың бойында үрей/қорқыныш пен торығу/жабығу сезімдерін тудыруға бейім болып келеді.
RSPH басшысы Ширли Крамердің айтуынша, әлеуметтік желілер адамдардың алкоголь құмарлығы пен темекіге әуестігі секілді тәуелділікке алып келеді. Аталмыш зерттеуге 14 -24 жас аралығындағы жеткіншектер мен жастар қатысқан.
Дереккөзі: http://www.uznayvse.ru