Джеймс Бондтың рөлінде ойнаған Роджер Мур қайтыс болды
23 мамыр, 2017 /
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Джеймс Бондтың рөлінде ойнаған Роджер Мур қайтыс болды
Джеймс Бондтың рөлінде ойнаған ұлыбританиялық актер Роджер Мур 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы актердің отбасы Twitter желісінде естіртті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хабарламада актердің қатерлі ісікпен ұзақ жылдар бойы күрестен кейін қайтыс болғаны айтылады. Сэр Роджер Джордж Мур – ұлыбританиялық актер, сценарист, продюсер. Ол "бондиананың" жеті фильмінде ойнады: "Живи и дай умереть" (1973), "Человек с золотым пистолетом" (1974), "Шпион, который меня любил" (1977), "Лунный гонщик" (1979), "Только для твоих глаз" (1981), "Осьминожка" (1983) және "Вид на убийство" (1985).