Жаңалықтар

Академик Оразалы Сәбден 70 жасқа толды

ашық дереккөзі

Академик Оразалы Сәбден 70 жасқа толды

Академик Оразалы Сәбден 70 жасқа толды. Осы бір атаулы мерекесімен профессорды Ресей, Белоруссияның ғалымдары арнайы құттықтап келді. Шетелдік қонақтар академиктің кеудесіне төс белгі тағып, марапат қағаздарын тарту етсе, ал еліміздің атқа мінерлері иығына шапан жапты. Ғалымның мерейтойына орай ұйымдастырылған конференцияда инновациялық экономиканың даму жолдары талқыланды. Әрбір салаға инновацияны енгізу арқылы жаһандық бәсекеге қабілетті бола аламыз деген академик алдымен рухани жағымыздан дамуымыз қажет деген пікірде. - Екі бағытта жүру керекпіз.  Бірінші, рухани даму. Себебі, біздің тегіміз күшті. Сақ, ғұн дәуірінен, хандықта да. Рухани құндылықтарды бүгін көтеруіміз керек. Біз дүниежүзінде осы жағынан бәсекеге түсе аламыз, - дейді академик Оразалы Сәбден.