Трамп Палестина президентімен кездесу үшін Вифлеемге барады

Трамп Палестина президентімен кездесу үшін Вифлеемге барады

Трамп Палестина президентімен кездесу үшін Вифлеемге барады
ашық дереккөзі
    АҚШ президенті Дональд Трамп Израильге сапарының екінші күні Палестина әкімшілігінің президенті Махмуд Аббаспен кездесу үшін Вифлеемге баруды жоспарлап отыр. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесіп, Иерусалимдегі Батыс дуалға тәу еткеннен кейін, Трамптың Аббаспен кездесуі өтеді. Трамп АҚШ президенттерінен бірінші болып Жоқтау қабырғасы деп те аталып кеткен Батыс дуалға барды. Трамп президент ретінде шетелге шыққан алғашқы сапары барысында израильдықтар мен палестиндіктер арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, «соңғы мәмілеге» жеткізгісі келеді. АҚШ президентінің Иерусалимнен Вифлеемге сапары кезінде барынша қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Трампқа Батыс жағалаудағы бөгеттен өту керек болады. Израиль мен Палестина аумағын бөліп тұрған бөгеттің жалпы ұзындығы 700 километр. Аббастың көмекшісі Хоссам Зомлот AFP агенттігіне «Егер президент Трамп араағайындық жасап, тарихи келіссөзге әкелетін болса, біз оның әріптесі болуға дайынбыз» деді.