Д.Абаев: 3 жыл ішінде 1900 ауылға интернет жетеді

Д.Абаев: 3 жыл ішінде 1900 ауылға интернет жетеді

Д.Абаев: 3 жыл ішінде 1900 ауылға интернет жетеді
ашық дереккөзі
Алдағы үш жылда 1900 ауыл ғаламтормен қамтылады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет түрлері қолжетімді. Бұрын алыстағы ағайын құжат тапсыру үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болатын. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Ал олардың саны 70-ке жетті. Бұдан бөлек биыл ауылдық «Қазпошта» бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үшін пилоттық жоба қолға алынды. 2 мыңнан астам пошта бөлімшесі қатысатын жоба 8 миллионға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Министрдің айтуынша, алдағы уақытта 2 мыңға жуық ауыл ғаламторға қосылады. «Қала мен ауылдың цифрлық айырмашылығын азайтуымыз керек. Сондықтан оған арнайы бағдарлама жасадық. 3 жылдың ішінде 1900 ауылды мекенге интернет жетеді. Бұл бағдарлама аясында біз арнайы тарифтерді қарастырамыз. Ауылды мекендерге арнайы тариф береміз», – дейді  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.