Жаңалықтар

Түтінсіз келешек

ашық дереккөзі

Түтінсіз келешек

Жапонияның Денсаулық сақтау министрі Ясухиса Шиозаки мейрамханалар мен басқа да мекемелерде темекі шегудің алдын алу бойынша шара қолдануға міндеттейтін денсаулықты нығайту жөніндегі Заңды қайта қарау қажет деп есептейді. Министр «жанбайтын, тек қызатын темекі» және «электронды темекі» секілді гаджеттердің жаңа түрлеріне тыйым салмауға байланысты ойын білдірді, себебі мұндай гаджеттердің бейтарап темекі шегуге деген әсері әлі ғылыми дәленденбеген. Cәйкес зерттеу жұмыстары әлемде жуырда басталған және жапондық тарап ғылыми негізделген деректер жинауға өз үлесін қосуға дайын. Жапонияда соңғы жылдары әдеттегі темекінің балама өнімдеріне қызығушылық танытушылар айтарлықтай көп. Ал екі жыл бұрын күншығыс елінде Philip Morris компаниясының инновациялық өнімі – IQOS жүйесі таныстырылған кезде оған миллионнан аса шылымқұмар ауысқан және осы жоғары технологиялық өнімнің тұтынушылары әлі де артып келеді. IQOS техникалық тұрғыдан ұстағыш, қуаттағыш құрылғы және темекі таяқшаларынан тұратын құрал. Темекі таяқшасы нағыз темекінің дәмі бар қысқа темекіге ұқсайды, бірақ, оның құрамындағы темекі тек қыздыруға ғана арналған. Таяқшаны ұстағышқа салу арқылы қолданушы 350 градустан аспайтын температураға дейін қыздырылған темекі буын тартады, өз кезегінде, темекіның басынада тұтану температурасы шамамен 800 градусты құрайды. Осылайша, зиянды және әлеуетті зияны болуы мүмкін заттардың бөліну деңгейі IQOS жасап шығаратын темекі буында орташа есеппен әдеттегі темекі түтінімен салыстырғанда 90-95%-ға төмен. Инновациялық IQOS-ты әзірлеу бойынша бірнеше жылдар бойы медицина, химия, микробиология және тағы да басқа салалардың үздік ғалымдары еңбек етті. Токсикология жағынан алып қарағанда, денсаулыққа жану өнімдері, соның ішінде «шайырлар» аса қауіпті. Сондықтан темекі тек қызатын, бірақ жанбайтын гаджеттерді қолдану, оларды денсаулыққа қауіпсіз етеді. Сонымен қатар, IQOS-тың әдеттегі темекілерге қарағанда, күл, жағымсыз әрі қоршаған ортаға зияны тиетін түтін, киім мен шаштағы өзіндік иіс секілді «жанама» әсерлері жоқ. «Біз баға қырқысына қатыспаймыз, біз инновациялық шайқасқа қатысамыз, - дейді Philip Morris International компаниясының бас директоры Андре Каланцопулос. – Біз әдеттегі темекінің құлдырауын көрудің жақтаушыларымыз. Белгілі бір кезеңде, адамдар осы жаңа өнімдерді қолданып жүрген көптеген тұтынушыларды көрген кезде, бұл аталған үдерісті міндетті түрде жылдамдатады деп ойлаймын. Темекісіз келешек - өздігінен орындалатын көрегендік болмақ». Келешекті темекісіз елестетуге байланысты, темекі алыбы өз веб-сайтын жаңартып, қайта іске қосты. Енді өндірушінің бастапқы бетінде оның танымал өнімінің суреті жоқ. Оның орнына сайт қонақтары «Болашақты темекісіз құру» деген ұранын көреді. Бұл соңғы жыл ішінде 26 миллиард долларға темекі өнімін сатқан компания үшін айтарлықтай ерекше жайт. Дегенмен, темекі нарығындағы жетекші компания шын мәнісінде денсаулық үшін тәуекелді төмендету мен заманауи технологиялар пайдасына таңдау жасады және енді әдеттегі темекі шегу тәсілінен бас тартуға шақырады.